13 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 27, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Антикор «Қазгеология» басшылығына қатысты тергеуді бастады

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Агенттіктің хабарлауынша, тергеу лауазымдық өкілетін асыра пайдалану фактісі бойынша жүргізіледі.

«Мекеме басшылығы Жарғыны бұзып, директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз Басқарма мүшелеріне (Басқарма төрағасы, төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 миллион теңгеден астам сомаға артық төледі деген күдікке ілінді», – делінген ресми ақпаратта.

Осылайша лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтқан.

Іске қатысты тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар