10 C
Almaty
Сейсенбі, Қыркүйек 26, 2023

Шекарашылар туралы сериал түсірілді

Қараша айында шекарашы курсанттар жайлы түсірілген «Академия»...

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2...

Халықтың 10 пайызы келмейді. Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр?

Белсенді және тәуелсіз шолушы Арайлым Назарова Алматы...

Әнипа Назарбаева колледжінен айырылды

Тиісті шешімді Үшқоңыр су шаруашылығы колледжін мемлекеттік меншікке қайтару туралы істі қаралған сот шығарған.

Іс өткен жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың әпкесі иелік ететін «Анипа» ЖК үстінен сотқа арыз берілген кезде басталды. Іс материалдарына сәйкес, колледж кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді, деп жазады «5 регион».

Сотта кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару шартын бұзу туралы қаулы шығарылды. Әңгіме Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі туралы болып отыр.

«2016 жылғы 7 шілдедегі №3″ Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару шарты бұзылсын»,

– делінген шешімде.

Сондай-ақ сот шешімі бойынша Әнипа Назарбаевадан 3 450 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілетін болды.

Айта кетейік, жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты өз атымен аталатын мектептер, ЖОО және қордың жоғарғы кеңесі басшысы мәртебесінен айыратын заңға қол қойды.

Фото Ұлыс медия сайтынан алынды.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар