2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

«Ана тілімізге қатысты Мәжілісте ешқандай дауыс беру болған жоқ» – Берік Әбдіғали

Берік Әбдіғалиұлы әлеуметтік желіде шындыққа жатпайтын ақпарат тарап кеткенін айтып, жазба қалдырды.
27 сәуірде Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау, Конституцияның 7-бабын өзгертіп, мемлекеттік тілдің статусын жеке дара айқындау, еліміздің ақпарат алаңын шетел телеарналарынан тазарту, біздің елге көршілес елдерден ағылып жатқандарға тосқауыл қою мақсатында Қазақстан азаматтығын алу үшін қазақ тілі мен ел тарихынан емтихан тапсыру туралы депутаттық сауал жолдады.

 

Осыған байланысты әлеуметтік желіде Қазыбек Исаның депутаттық сауалын Мәжілістегі 107 депутаттың 38-і қолдап қол қойғаны жайында айтылды. Сондай-ақ депутаттық сауалға қол қойғандардың тізімінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті (депутат) Берік Әбдіғалиұлының, Ерлан Сайыров пен Айдос Сарымның жоқтығы айтылды.

Берік Әбдіғалиұлы әлеуметтік желіде шындыққа жатпайтын ақпарат тарап кеткенін айтып, жазба қалдырды. Сондай-ақ Мәжілісте ана тілімізге байланысты ешқандай дауыс беру болмағанын айтты. Ол жерде тек «Ақжол» партиясының депутаттық сауалы болған.

Ертең Қазыбек Иса әріптесіміз өзі тағыда түсіндіріп берер. Ал «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасы туралы айтатын болсақ, «Қазақ тілі» қоғамы қолдайды, оның жобасы дайындалып жатыр, – деп жазды депутат.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар