-6.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Әміржан Қосанов: «Мен шешім қабылдамағанда 2 мыңдай адам қырылар еді»

 

Танымал саясаткер Әміржан Қосанов сұхбат беріп, референдум, партиялар, Нұрсұлтан Назарбаев, сайлау, оппозиция туралы пікір білдірді. Сұхбат барысында Қосанов Назарбаевтың Қазақстанға қосқан үлесі мен кемшіліктерін айтып берді.

– Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде оған сын айта алмай жүрген, жағымпазданып жүрген адамдар сыншы болып кетті. Маған «қаңтардан бері Назарбаевты жапа-тармағай жамандап жатыр, сіз үндемей қалдыңыз» дейді. Мен ол кісіні аяймын. 30 жыл бойы супер мүмкіндігі болды. Қазақстан сияқты Менделеев кестесенің элементіне бай жер байлығымен 17 миллион халықты асырауға болар еді. Бірақ ол кісі пендешілік танытты. Кез келген тұлғаға баға бергенде, оны мақтау немесе даттау мүмкін емес. Адам – күрделі тұлға. Кейбір ұлтшылдар айтқандай Ресеймен ат құйрығын кесісе алмаймыз. 7500 шақырым ортақ шекарамыз бар. Жау қылсақ, соғыстың ортасында жүреміз. Кез келген адамның жақсылығына да, кемшілігіне де қарау керек. Өкінішке қарай, 30 жыл бойы кемшілігін оппозиция айтты. Белгілі бір дәрежеде Қазақстанның тәуелсіздігіне, геосаяси жағдайына Назарбаевтың үлесі бар. Бірақ отбасы, таныстары, олигархтармен ауыз жаласуы ол да бар. Баға бергенде мейлінше, объективті баға беру керек, – деді Қосанов.

Саясаткер оппозицияның бірігуі туралы айтты. Сондай-ақ, қаңтар оқиғасынан кейін өзіне берілген бағамен бөлісті.

– Оппозиция 2019 жылы менің қасыма келіп біріккенде, 2020 жылы парламенттік сайлауда біріккенде қазір Парламенттің төрінде отырар еді. Сол кезде мен мойындамағанда жұрт көшеге шығар еді. Қаңтар оқиғасында 230 адам қаза тапты деді. Ол уақытта екі мыңдай адам қырылар еді. Мен өзімнің тарихи жауапкершілігімді сезіп, шешім қабылдадым. Қаңтардан кейін белгілі ақындар, жазушылар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері хабарласып, «Әміржан, елді құтқарып қалыпсың ғой» деді. Саясат деген өзіңді «герой» жасау емес. Ол жауапкершілік. Жұрт саясаттың артында қауіп бар екенін түсінді, – деді ол Есен Елеукеннің ютуб-арнасына берген сұхбатында.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар