10 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

1000 музыкант бір сахнада өнер көрсетті

  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘР ӨҢІРІНЕН КЕЛГЕН 1000 МУЗЫКАНТ БІР...

«Алтын Орда» базарын Болаттан алып қойды

 

Еліміздегі ең ірі базар саналатын «Алтын Орда» базары мемлекетке соңғы 7 жылда 400 миллион теңгеден аспайтын қаржы аударған. Бұл мұхитқа тамған тамшы секілді дейді мамандар. Өйткені бұл өте қарапайым, жылына 500 миллион теңгеге дейін табысы бар шағын кәсіпорынның төлейтін салығымен пара-пар екен.

«Алтын Орда» ЖШС қаңтардың 26-сы күні таратылған болатын. Бұл туралы ratel.kz жазды. Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан «Алтын Орда» базарының жалпы аумағы — 180 000 шаршы метр. Алайда күніне мыңдаған адам сауда жасайтын алып базардың мемлекетке төлеген салығы күмән тудырады. Соңғы 7 жылда «Алтын Ордаға» иелік ететін екі кәсіпорын бюджетке 400 миллион теңгеге жуық қаржы аударыпты.

Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, бұл нысанға Болат Назарбаевтың тікелей қатысы бар. «Altyn Orda Qaz Trade Ltd» ЖШС-іне Елбасының інісі 2014 жылдан 2021 жылға дейін иелік еткен. Алайда Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде серіктестіктің қожайыны өзгерді.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар