20 C
Almaty
Бейсенбі, Маусым 1, 2023

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Назарбаевқа тіл тигізсеңіз, жазаланбайсыз!

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан...

Зайытов Склярға шүйлігіп отыр

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов премьер-министрдің бірінші орынбасары...

«Алтын орда» базары бағаны қымбаттатып, монополия орнатқан


Сауда нарығындағы бәсекелестік туралы заңнаманы сақтау тұрғысынан тексеру нәтижелері бойынша «Altyn Orda QazTrade LTD» компаниясына әкімшілік іс қозғалған. Бұл ақпарат бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сайтында жарияланды.

Агенттік ақпаратына қарағанда «өңірлік прокуратураның қаулысы негізінде Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департамент мамандары 2022 жылғы наурызда «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС қызметін тексерген.

– Осы өңірдің сауда қызметтері нарығындағы бәсекелестік жай-күйі талданып, бағаланды. Соның нәтижесінде «Altyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС монополия орнатып, бәсекелестік туралы заңнаманы бұзғаны анықталды,-дейді агенттік.

Тексеру қорытындысы бойынша, 2022 жылдың мамыр айында «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС жөнінде әкімшілік іс қозғалып, іс материалдары Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.

Алматы қаласының іргесінде орналасқан, «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС иелік ететін «Алтын орда» базарының бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевқа қатысы бар деп саналады.

Қаңтар оқиғасына дейін «Алтын орда» базары туралы ресми органдар қандай да бір сын-ескерту айтпаған. Қаңтар оқиғасы кезінде Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметінен кетіп, туыстары мен серіктері жоғары қызметтерден босаған соң жергілікті БАҚ «Алтын орда» базары «бір де бір рет салық төлемеген» деген ақпарат тарата бастаған.

Ақпан айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы және Алматы облысының әкімдеріне үкіметпен бірлесе отырып, «Алтын орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырған және екі ай мерзім берген.

.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар