6 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 20, 2023

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты. Ұзату тойы...

«Алтын Орда» басшыларына іздеу жарияланды

Алматыдағы «Алтын орда» базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды alash.kz.

Базар аумағында іздеуде жүргендердің фотосуреті жапсырылған.

Алматы облысы Қарасай ауданының полиция басқармасы сұрау жіберген.

Тізімде:

  • Данияр Әпдіғапаров, 1982 жылғы;
  • Жұмадин Патов, 1982 жылғы;
  • Қанат Жақаев, 1984 жылғы;
  • Айдос Нұрқалиев, 1986 жылғы.

Барлығы Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша күдікке ілінді.

Қазір осы заматтарды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижелері кейінірек хабарланады – делінген Қарасай ауданының криминалдық полициясының хабарламасында.

Айтпақшы, өткен жылы Алматы облысы Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Анарбек Сейітовтің айтуынша, «Алтын Орда» базары KURYLYS LTD ЖШС мен Altyn Orda Qaz Trade Ltd ЖШС-на тиесілі делінеген-ді. Бұл екі компанияның екеуі де Болат Назарбаевпен тікелей байланысты. Сауда қыз-қыз қайнап жатқан базардың иелері соңғы жеті жылда бюджетке небәрі 400 млн теңге төлеген. Ал, осы базармен шамалас «Магнум» сауда үйінің өзі тек 2021 жылы 13,8 млрд теңге салық төлеген. Алайда «Алтын Орда» базарына қатысты соңғы оқиғалардың ешқайсысы Болат Назарбаевқа байланысты болмай тұрғаны түсініксіздеу сияқты.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар