15 C
Almaty
Сенбі, Қыркүйек 30, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

Алматының Наурызбай ауданында алты жаңа мектеп салу  жоспарлануда

Соңғы кездері Алматы қаласының жаңа ауданында мектептер жетіспеушілігі жиі айтылып жүр. Осы олқылықтың орнын толтыру толытру мақсатында Наурызбай ауданында тұрғын үй құрылысының қарқынын ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында 6 жаңа мектепті, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 7900 орындық 5 мектепті жобалау және салу  жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталады, 2024 жылдың екінші жартысында аяқталады.

Сонымен қатар, осы жылдың шілде айында конкурстық процедуралар өткізілгеннен кейін Шұғыла шағынауданындағы №174 мектепке 375 орындық қосымша құрылысты бастау жоспарланып отыр. Бұған қоса балаларды қосымша біліммен қамтамасыз ету үшін көпсалалы инновациялық шығармашылық орталықтың құырылыс да аяқталу үстінде.

Негізінен Оқушылар сарайы саналатын ол ғимаратты пайдалануға беру үшін Білім басқармасына қабылдау-беру актісіне қол қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл 5 мыңнан астам баланы қосымша біліммен қамтуға мүмкіндік береді. Жалпы алдағы уақытта қаладағы мектеп тапшылығын жою үшін мектеп салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы салынатын мектептер орын тапшылығын жойып қана қоймай, заманауи, жайлы мектептермен қамтамасыз етеді деген үміт зор.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар