-4.1 C
Almaty
Сейсенбі, Ақпан 7, 2023

Түркия. Жер сілкініп, 500-дей адам қайтыс болды

ТҮРКИЯДА АЛАПАТ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛЫП, 300-ДЕЙ АДАМ...

Израильде 60 мыңға жуық адам билік реформасына қарсы бас көтерді

  Кеше Израильде президент Биньямин Нетаньяхудың реформаларына наразы...

Алматыны дамытудың нақты жоспары айқындалды

        Былтыр «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы бекітілген болатын. Аталмыш ұлттық жобаның негізгі мақсаты – экономиканы әртараптандыру екені айтылды. Нақтырақ айтсақ, халықтың табысын арттыру, қазақстандықтардың тұрмысын түзеу. Содан бері ұлттық жобаның қабылданғанына 1 жыл болып қалды. 2025 жылға дейін жоспарланған, алға қойылған міндеттерді орындау үшін Алматы қаласында қандай жұмыстар жасалып жатыр?

Осы аптада Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясы өтіп, соның барысында «Алматы қаласын 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» бекітілді.

Жоба аясындағы келелі отырысқа ең алдымен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев келіп қатысты. Одан кейін, әкімнің орынбасарлары, басқарма басшылары мен мәслихат депутаттары келді. Қоғамдық кеңес мүшелері мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері болды.

Алматы қаласын 2025 жылға дамытудың бағдарламасын дайындау барысында стратегиялық жоспарлар жасалды. Сонымен бірге, халықаралық тәжірибе, әлемдік мегаполистерді дамыту қағидаттары да терең зерделенді. Жоспарды орындау үшін қала өмірінің барлық салаларындағы жағдайлар талқыланып, талданды. Дамыту бағдарламасы аясында сын-қатерлер ескеріледі, қала тұрғындардың барлық өтініш-тілектері қаралып, мұқият өңделетін болады. Жиында тура осы әңгіме қозғалды.

Алматы қаласын даму бағдарламасы бұл өте үлкен жұмыстың нәтижесі. Бұған Алматы әкімдігі мен әртүрлі қызмет салаларынан 130-дан астам маманданған сарапшы тартылды. Олар 5 ай бойы жұмыс жасаған. Бағдарлама қала тұрғындарының ұсыныс-тілектері негізінде жасалған. Осы ұсыныс бойынша биыл шілдеде алматылықтар қала даму бағдарламасының басты басымдықтарына 1280 түрлі түсініктеме жіберген.

Шаһар басшысы Ерболат Досаев өз сөзінде Алматының барлық тұрғындарына қаланы дамыту бағдарламасын талдауға өте белсенді атсалысқандары үшін рақмет айтты.

Даму бағдарламасының базалық ерекшелігі мынау: жайлы қалалық орта жасау, Алматының барлық ірі және шағын аудандарында өмір сүру сапасын арттыру. Мәселен, Алматы қаласын 2025 жылға дейін даму бағдарламасында 7 түрлі басты  бағыт айқындалған. Олар: Жайлы қалалық орта, орнықты экономикалық өсу, басқарылатын урбандалу, әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық, жасыл Алматы, смарт сити, қауіпсіз қала деген сияқты бағыттар.

Жиын кезінде біз атап өткен қаланы дамытудың басты бағыттарының әрқайсысы туралы шаһар басшысының орынбасарлары мен цифрландыру басқармасының басшысы баяндап берді. Бұдан бөлек, жиында бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, соның негізінде нақты жұмыстар жасалатын болды.

Ж.ШӨКЕ

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар