10 C
Almaty
Сейсенбі, Қыркүйек 26, 2023

Шекарашылар туралы сериал түсірілді

Қараша айында шекарашы курсанттар жайлы түсірілген «Академия»...

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2...

Халықтың 10 пайызы келмейді. Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр?

Белсенді және тәуелсіз шолушы Арайлым Назарова Алматы...

Алматылық 13 мың ардагерге әлеуметтік жәрдемақы беріледі

Бүгінде Алматы қаласы бойынша 56 соғыс ардагері қалған. Биыл Жеңіс мерекесінің 78 жылдығына орай алматылық 56 ардагердің әрқайсысы 1,5 миллион теңгеден алып, тағы 13 мың ардагерге әлеуметтік жәрдемақы беріледі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Құрманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне барынша әлеуметтік қолдау көрсетілетіні туралы баяндады.

«Бүгінде Алматыда 56 ғана Ұлы Отан соғысының ардагері қалды. Оларды материалдық тұрғыда қамтамасыз ету үшін 1,5 миллион теңге көлемінде бір жолғы төлем жасалады», – деді Серік Шолпанқұлұлы.

Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне және басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарына қатысушыларға жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге 50 000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі, ал олардың жалпы саны – 13 мың адам.
Ардагерлер кеңесінің өкілі атаулы мереке күндері қаладағы әрбір майдангерді олардың отбасына барып, қала басшылығы жеке құттықтайтыны жөнінде қоса айтты.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар