-4.1 C
Almaty
Сейсенбі, Ақпан 7, 2023

Түркия. Жер сілкініп, 500-дей адам қайтыс болды

ТҮРКИЯДА АЛАПАТ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛЫП, 300-ДЕЙ АДАМ...

Израильде 60 мыңға жуық адам билік реформасына қарсы бас көтерді

  Кеше Израильде президент Биньямин Нетаньяхудың реформаларына наразы...

Алматыдағы сайлау учаскелері 2ГИС және Yandex Maps сервистерінде қолжетімді

Жобаны Алматы әкімдігі 2ГИС және Yandex Maps сервистерімен бірлесіп іске асырды. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін қосымшалар карталарында өзіңіз дауыс беретін учаскенің орналасқан жерін анықтау мүмкіндігі пайда болды. Дауыс беру учаскесін іздеудің негізгі сөздері: «Сайлау учаскелері», «Референдум учаскесі», «Referendum precinct».

2ГИС карталарында тіркелу мекенжайына сілтеме бойынша өз учаскеңізді анықтаудың қосымша мүмкіндігі бар. Ол үшін үйдің картасын ашып, «қызметтер»бөліміне өту керек.
Еске салсақ, Алматы тұрғындары үшін телефон арқылы бірыңғай Call-орталық іске қосылды: +7(727) 338 45 45, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде өзіңізді тексеруге, сондай-ақ учаскенің нөмірі мен мекежайын анықтай аласыз. Бұл ақпаратты open-almaty.kz сайтыннан және

@ReferendumAlmaty2022Bot Telegram-бот арқылы алуға болады. Ол үшін ЖСН нөмірін енгізу қажет.

Республикалық референдум 2022 жылғы 5 маусымда өтеді. Референдумға «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба» сұрағы қойылды.
Толық ақпарат Алматы әкімдігінің сайтында қолжетімді.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар