5 C
Almaty
Сейсенбі, Қыркүйек 26, 2023

Шекарашылар туралы сериал түсірілді

Қараша айында шекарашы курсанттар жайлы түсірілген «Академия»...

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2...

Халықтың 10 пайызы келмейді. Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр?

Белсенді және тәуелсіз шолушы Арайлым Назарова Алматы...

Алматыдағы өрттен 49 адам зардап шеккен

Бүгін Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиева өрттен зардап шеккендердің жағдайымен танысты.

1 тамыздағы өрт салдарынан барлығы 49 адам зардап шекті, оның ішінде 15 бала, тоғыз бала – «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығында», алты бала – №2 балалар клиникалық ауруханасында, ал екі ересек адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылған. Қалғандары барлық қажетті медициналық көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудан бас тартыпты.

«Екі ересек адам реанимацияда жатыр. Біреуі Кататравма диагнозымен 35 жастағы әйел. Биіктіктен құлағандықтан сүйектері сынған. Екі өкпенің жарақаты. Жанған заттан улану. 2-дәрежелі травматикалық шок және ауыр бас-ми жарақаты диагнозымен 19 жастағы қыз бала бар. Бойжеткенде де көптеген сүйектері сынған»,- деді Назгүл Иманғалиева.

1 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты. Ауруханаға жатқызылғандардың да жағдайы тұрақты.

1992 жылғы бір әйел алған жарақаттан қайтыс болды. Жедел жәрдем бригадасының мәліметінше, ол өрт кезінде 5-6-қабаттан құлаған.

«Ауруханалардың қабылдау бөлімінде қажетті мамандарды тарта отырып, барлық науқастарға қажетті көмек көрсетілді, көрсетілген көмектен кейін 17 ересек және 14 бала тұрғылықты жері бойынша емханаға одан әрі амбулаторлық емдеуге жіберілді», – деді Назгүл Иманғалиева.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар