-2.1 C
Almaty
Жұма, Ақпан 3, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Алматыда жалақыны көтеруді талап еткен «Қазақтелеком» қызметкерлері ереуілге шықты

Алматыда «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, наразылықтарын білдірді. Техникалық бөлімнің қызметкерлері бүгін жұмысқа шықпай қойған, деп хабарлайды Alash.Press ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Адамдар компания кеңсесінің сыртында жиналыс өткізіп, онда жиналған қызметкерлер жалақы мөлшерін көтеруді талап еткен.

«Азық-түлік бағасы күннен күнге көтеріліп жатса да жалақы сол күйінде қалды. Кабель цехында еңбек ететін 100 шақты адам шықты», – дейді ереушілердің бірі.

Оның айтуынша, компания басшылығы мәселені шешуге уәде берген.

«Жұмысшылар жалақыны көтеруді ауызша талап етті. Қазіргі уақытта серіктестік басшылығы наразылыққа қатысушылармен келіссөздер жүргізіп, бастамашыл топ құруды ұсынып, заң, сондай-ақ серіктестіктің ішкі құжаттары аясында кәсіподақпен бірлесіп, міндетті түрде қаралымнан өтетін бастамаларды анықтауда», – деп түсіндірді «Қазақтелеком» АҚ.

Компания жалақы мөлшері тұрақты түрде қаралымнан өтетінін, ал бұл мәселеде техникалық бөлімдердің қызметкерлеріне басымдық берілгенін айтты.

«Қазақтелеком» біржолғы төлемдерді (индексациялау) жүргізеді, ол өз кезегінде қалыптасқан инфляцияны теңестіреді және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Атап айтқанда, бүгінде компанияның барлық қызметкері осындай біржолғы төлемді алды, осы мақсаттарға серіктестік қаражатынан 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген», – деп қосты акционерлік қоғам.

Сондай-ақ 1 ақпаннан бастап «Қазақтелеком» А8-В6 сыныптары үшін жалақы схемасын қайта қарайды. Бұдан бөлек, ақпан-наурыз айларында компания жыл сайынғы сыйақыны төлеуді жоспарлап отыр.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар