2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл...

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Алматыда веложарыс аяқталды

Соңғы жылдары алматылықтар үшін веложарыс дәстүрлі түрде өтетін жарысқа айналды. Аталған спорт түрінен биыл 7-рет жарыс ұйымдастырылды.

Бұдан бұрын, яғни екі жыл бойы веложарыс пандемияға байланысты өтпей қалған болатын. Биыл аламан спорт қайта жанданды. Жасыратыны жоқ, веложарысқа деген алматылықтардың қызығушылығы керемет!

Велобәйге таңғы сағат сегізде басталды. Бірінші болып 14 шақырым қашықтықты жасөспірімдер бағындырды. Олар мәре сызығын 1 сағатта басып өткен.

Жасөспірімдерден кейін жолға 32 және 52 шақырым қашықтыққа жарысатын велошабондоздар шықсын. Бірінен бірі тізгін үзген кілжүйріктер. Кәсіби спортшылардан кем емес.

Бізге сұхбат берген ұйымдастырушы Иса Қалқа: «Бұл жарысқа қатысқандардың басып көпшілігі – Алматы тұрғындары. Одан кейін Қазақстанның басқа аймақтарынан келген қала қонақтары бар. Араларында кәсіпқой болмаса да, спортпен тұрақты айналысатын велоспортшылар бар. Өздеріңіз көріп отырсыздар, нәтижелері де жаман емес. Өте жылдам келді. Мысалы, мен өзім мәреден шығып Розыбакиев көшесімен артқа қарай жүрген кездерін көріп, қайран қалдым! Жылдамдықтары өте тез» – деді.

Ұйымдастырушылар айтқандай, веложарыс халықаралық сипат алып бара жатыр. Мәселен, жарысқа қатысу үшін сонау шетелден арнайы келген қонақтар да бар. Мақтанып тұрып айтатын бір дүние: қазіргі уақытта мегополисте әуесқой велоспортшылар мен велоклубтардың саны көбейген. Олардың бәрі осы жарыста бой көрсетті.

Алматы веложарысының ең қызығы болған 32 мен 52 шақырым қашықтыққа кеткендер болатын, бір кезде мәреге олар да жетті құстай ұшып. Қалада жарысқа байланысты көшелер жабылғандықтан, кептеліс пайда болғанын айта кетейік. Жолдарынан кешіксе де, жолаушылар мұның бәріне түсіністікпен қарады. Шаһардағы көліктер қозғалысы түске қарай ретке келді. Ал жарыс дәстүрінен жаңылмай, келесі жылы жазда тағы да өтетін болды.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар