-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Алматыда көмілген мәйіттер табылды: полиция содырлардың кім екенін анықтады

Сот-медициналық сараптамалар Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүргізілетін болады

Алматы қаласы полиция департаменті террористік шабуылға қатысқандар көмілген орындағы мәйіттердің жеке басы анықталғанын хабарлады. Бұл туралы Alash.press басылымы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Олардың жеке басы анықталды. Сот-медициналық сараптамалар Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүргізілетін болады», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек биыл 4-8 қаңтарда қалаға террористік шабуыл жасауға қатысқандардың мәйіті көмілген орынның табылғаны туралы ақпаратты растады.

Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстар жағасып жатыр.

«Иә, растаймыз. Расында да мәйіттер табылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Сондықтан мәйіт саны қанша екенін нақты білмейміз. Жедел тергеу тобы жұмыстарды аяқтағаннан кейін толық ақпарат ұсынылады», – деді Салтанат Әзірбек Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Оның айтуынша, тергеу барысында содырлардың кім екені және олардың қай діни ағымды ұстанғаны анықталады.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар