2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл...

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

АЛМАТЫДА: домбыра күні, домбыра сыныбы

Алматы өнер мен мәдениеттің ордасы. Қалай айтсақ та әсем қалада ай сайын, тіпті апта, күн сайын ән әуелеп, күй күмбірлеп жатады. Мәселен, бүгін оңтүстік астанамызда «Домбыра -қазағымның қазынасы» деп аталатын музыкалық-сазды кеш болып өтті.

Музыкалық шараны Чехов атындағы орталық қалалық кітапхана ұйымдастырып, өткізген. Қазақ десе домбыра, домбыра десе қазақтың еске түсетіні анық. Бұл екеуі егіз ұғым. Сол үшін де кеш қонағы ретінде өнер майталмандары шақырылды. Мәселен, белгілі дәстүрлі әнші, батыс ән мектебінің озық өкілі, ұстаз Сәуле Жанпейісова мен домбыра жасаудың һас шебері Жолаушы Тұрдығұлов келген.

Аты айтып тұрғандай «Домбыра – қазағымның қазынасы» болғандықтан, кешке өнер көрсетуге келген жас өнерпаздан қос ішектен күй күмбірлетіп, шанағынан сазды әуез таратты.  Естеріңізге сала кетейік, қазақтың ескі жәдігері домбыра күні елімізде биыл 4-жыл аталып өтуде. Келген қонақтар мен ұйымдастырушылар бұл күннің дәстүрлі мерекеге айналатынынан үмітті.

Чехов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері Айнұр Балаубаева болса, Қадір Мырза Әлінің сөзімен бастап нағыз қазақтың қазақ емес, нағыз қазақтың – домбыра екенін айта келіп, кешті өткізудің негізді мақсаты – елдің, ұлттың болашағы жастардың ұлттық сана сезімін ояту екенін, жастарды бабадан қалған дәстүрлі мұраға баулу екенін айтып өтті.

Кітапхана қызметкерінен кейін сөз алған әнші Сәуле Жанпейісова: «Бүгінгі күні менің өзімнің жеке өнер мектебімде алпыстан артық бала оқып жатыр. Мен оларға домбыраны ғана үйретпеймін, ән де үйретемін. Міне, осындай ұлттық білім беру арқылы балапандарымыздың бойындағы рухты оятып, нағыз қазақ етіп тәрбилеп отырмыз. Балапандарымыз біздің болашақ жемісіміз бен жеңісіміз», – деп, сөзін түйді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Өнер кешіне қонақ болып келген Жолаушы Тұрдығұлов болса, домбыра үйренудің балаға пайдасының көп екенін айтып, ұлттық аспапты үйренген баланың есту қабілеті дамып, көркем мінез, көрікті ой қалыптасатынын айтты.

Әлемде қанша ұлт болса, сонша мәдениет бар. Ұлтты ерекшелеп тұратын сол – мәдениеті. Адамның түрі, тілі ұқсас болуы мүмкін, мәдениеті алуантүрлі болып келеді. Сондықтан да ұлтты ерекшелейтін мәдениет пен өнерді ұлықтау – әр халықтың, әр мемлекеттің басты жұмысты болуы керек. Осындай ұстанымның негізінде Алматыда домбыра сыныптары ашылатын болды.

Мұндай бастаманы «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы көтеріп отыр. Филиал жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Miras қоғамдық кеңесінің кезекті жиынында осы мәселе көтерілді. Отырыста Алматы қалалық мәдениет, білім және қоғамдық даму басқармалары жасап жатқан жұмыстарын таныстырып, баяндап шықты.

Отырыс тікелей эфирде өтті. Жиынға қоғамдық кеңес төрайымы Қаракөз Сүлейменова мен кеңес мүшелері толық қатысты. Одан бөлек, «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қайрат Бисембаев та бар. Ал отырыс кезінде күн тәртібіндегі нақты сұрақтарға қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айбар Теменов жауап беріп отырды. Теменовпен бірге білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай да болды. Мәдениет басқармасының өкілі Арман Халбеков те қатысты басқосуға. Олар кеңеске өз ойларын айтып, нақты пікірлерін білдірді.

Баяндаманы Арман Халбеков жасағанын айта кетейік. Ол шығармашылық саладағы қаламгерлер мен жазушыларға, басқа да шығармашылық тұлғаларға мемлекет тарапынан әлеуметтік-рухани қолдау, шабыттандыру болып тұратынын айтып, жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, тақырыпты жан-жақты баяндап шықты.

Ал Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтып өткен мәселені көлденең қойып, мектептерде домбыра сыныптарын ашу керектігін және осы жұмыстардың мән-жайымен, жұмыс барысымен таныстырды көпшілікті.

«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген. Жиын барысында кеңес мүшелері, Қазақстанның тұңғыш Еңбек ері Аягүл Миразова мен дәстүрлі әнші Ұлжан Байбосынова мектептерде домбыра сыныптарын ашу туралы нақты ұсыныс тастады. Жұрт күткен ұсыныс екені анық. Қазақтың қазақ болып қалуына, ұлттық мұраны ұлықтай беруіне жасалған сәтті қадем. Кеңес мүшелері басқарма өкілдеріне айтылған ұсынысқа байланысты тиісті жұмыстарға талдау жасап, тереңінен толғап, кеңінен ой қорытып барып жұмыс бастауларын атап өтті.

Кемел ЖАН

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар