24 C
Almaty
Бейсенбі, Маусым 8, 2023

«Жауапқа тартылады». Қорғаныс министрі Тұрлыхановтың ұлына қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасылдың әскери...

Рәміздер күні БҚО-да айрықша сән-салтанатпен атап өтілді

Мемлекеттік рәміздер күні Батыс Қазақстанда облысында барынша...

Алматыда Бірлік мерекесі қалай тойланады?

Жүзден астам түрлі ұлт өкілдері мекен еткен Алматы қаласында Бірлік мерекесі ерекше атап өтіледі. Осы орайда биыл да мегаполисте түрлі шаралар жоспарланған. Мәселен Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған қалалық концерт 1 мамырда Абай алаңында Республика сарайының алдында сағат 10:00-де өтеді.
Концерт «Жасstars» тобының және ҚР мемлекеттік еңбек сіңірген «Салтанат» би ансамблінің орындауындағы «Қазақстан – достық бесігі» вокалдық-би композициясымен ашылады. Сондай-ақ Ерболат Құдайбергенов, Рүстем Нұржігіт, Данияр Өтеген, Мәди Рымбаева, Дильназ және Дильшат Ахмадиевтер, Төреғали Төреәлі, Дидар Каден, Aldaspan топтары секілді белгілі өнер жұлдыздары мерекелік сахнада өнер көрсетеді деп жоспарлануда.
Алматы қаласы ШЫҰ-ның 2023-2024 жылдардағы мәдени және туристік астанасы. Осыған орай да біршама мерекелік шаралар жоспарланған. Бірлік мерекесіне орай қаламызға Татарстан, Өзбекстан және Беларуссиядан қонақтар келеді. Концертке халықаралық байқаулардың лауреаты Зарина Хасаншина, Өзбекстанның, Қарақалпақстанның, Башқұртстанның халық әртісі Жеңісбек Пиязов және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген артисі Жанет Бутерус қатысады. Мерекелік концерттің жалғасы ретінде қазақ, армян, корей, кавказ, түрік, ұйғыр, поляк, өзбек, орыс ұлттық билері және Қазақстанның басқа халықтарының билері ұсынылады.
Дәл осы күні Абай алаңында Қазақстан халықтарының тағамдары фестивалі өтеді, онда 15 мейрамхана қазақ, корей, грузин, орыс, ұйғыр және үндінің ұлттық тағамдарын ұсынады. Қала қонақтары мен тұрғындарына түрлі ұлт өкілдерінің тағамынан дәм тату бұйырады. Жалпы елімізде түрлі ұлт өкілдері ғана емес, олардың ұлттық тағамдары да сіңіп кеткен. Бүгінде өзбектің палауы, орыстың борщы, ұйғырдың лағманы кең сұранысқа ие. Сондықтан біте қайнасып кеткен бұл ұлттармен мәдениетіміз де, салт дәстүріміз де мидай араласып кеткен.
Сондай-ақ 1 мамыр күні сағат 11.00-де Жібек Жолы, Панфилов көшелерінде және Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы Ш.Уәлиханов атындағы скверде мерекелік іс-шаралар өтеді. Концерттік бағдарламалар «Алматы Әуендері» әртістерінің және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, музыкалық топтар мен ди – джейлердің қатысуымен жоспарланған. Жалпы бұдан бөлек қаланың басқа аудандарында да көптеген шаралар жоспарланған.
Мәселен
– Алатау ауданында мерекелік шара атлеттер ауылында сағат 14:00-де өтеді;
– Алмалы ауданында Арбатта (Жібек жолы көшесі) сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін мерекелік концерт, көрме және тағам фестивалі өтеді;
– Әуезов ауданында «Халық бірлігі күніне» арналған түрлі ұлтттардың көрмелері және мерекелік концерт Family Park демалыс саябағында сағат 11: 00-де өтеді;
– Бостандық ауданында мерекелік іс-шара MEGA Alma-Ata СОО-да сағат 11:00-де өтеді;
– Жетісу ауданында мерекелік бағдарлама «Гүлдер» саябағында сағат 11: 00-де өтеді;
– Медеу ауданында мерекелік іс-шара Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы алаңда (Шевченко көшесі, 28) сағат 11:00-де өтеді;
– Наурызбай ауданында мерекелік концерт аудандық әкімдік ғимаратының алдында (Шұғыла шағын ауданы, 347) сағат 11:00-де өтеді;
– Түрксіб ауданында №6 оқушылар үйінде (Сейфуллин даңғылы,13) сағат 12:00-де концерт болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарын басқа да түрлі қызықты шаралар күтеді.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар