-2.1 C
Almaty
Жұма, Ақпан 3, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Алматыда әжелер бесік жырын айтудан сынға түсті

Талай жақсы іске бастамашы болып жататын, еліміздегі мәдениет пен өнердің ордасы Алматы қаласында тағы бір ерекше игі шара ұйымдастырылып, халық тарапынан оң бағаға ие болды. Атап айтсақ алматылық 11 әже бесік жырын айтудан жарысты. Балаларды қорғау күні атаулы мерекесі аясында өткізілген іс-шара қазақтың әдет-ғұрыпын дәріптеп қана қоймай, қоғамымызда салт-дәстүрімізді жаңғыртып, ұлттық мәдениетімізді паш етті деп айта аламыз. Өйткені бүгінде бесік жырын айтатын аналарымыздың да, әжелеріміздің де азайып бара жатқаны ащы да болса шындық.

Осы орайда айта кетсек, Бауыржан Момышұлы атамыздың «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…» дегеніндей ұлтымызда бесік жырының орны бөлек. Демек Алматы қаласының төрінде ұйымдастырылып отырған ақ жаулықты әжелердің бесік жырын айтудан сынға түсу шарасы барлық аймағымызға үлгі болса құба құп!

Алматы қаласы мен Алматы облысынан 50 мен 80 жас аралығындағы әжелер қатысқан шара жоғары деңгейде өтті. Қазылар алқасының шешімімен барлық әжені ренжітпеу үшін барлығына бірдей арнайы номинациялар тағайындалды. «Мейірімді әже», «Қазыналы әже», «Күміс көмей әже», «Көркем әже», «Шебер әже» және тағы басқа түрлі аталымдармен марапатталған әжелер қауымы да шараның ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді.  Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев әжелерге Алғыс хат ­тапсырып, заманауи «Mediterra» медициналық орталығына тегін жолдама да ұсынды. Бұл өз кезегінде әжелер қауымына да үлкен ынталандыру болды. Өйткені денсаулығы күн сайын сыр беретін әжелерге одан артық сый болмасы анық. Әжелердің де ерекше белсенділік танытуынан, олардың да бір серпіліп қалғанын байқауға болатындай.

Атап өтер жайт, халқымызда әже көрген баланың тәрбиесінің басқаша болуы, «әжесінің баласы» статусындағы баланың жүріс тұрысына қылау түсірмеуі қатып қалған қағида болатын. Сондықтан мүмкіндігінше баланы ауылға жіберу арқылы ауыл тәрбиесін сездірту, әженің тәрбиесін көрсетуге тырысу халқымыздың асыл қасиеттерінің бірі болатын. Тәрбилік маңызы зор, ұлттық мәдениетімізді көрсетер осынау қасиетімізді аталмыш шара жаңғыртып жатса құба құп!

Осы орайда этнолог, ҚР Білім беру ісінің үздігі Ғалия Қайдауылқызы «Мәдениет ордасы Алматы қаласында мұндай шараның қолға алынуын жоғары бағалаймын. Кешегі ата-әженің жастарға айтар үлгісі мен ғибраты мол еді. Сол ата-әже институтынан неге қол үзіп қалдық? Осы орайда 1 маусым – балалар қорғау күніне орай осынау дәстүрдің жоқтаушысына айналған шараның Алматы қаласында қолға алынуы қуантады» дейді.

Ұлттық мәдениетімізді танытатын мұндай мәдени шараның ұйымдастырылуына ұйытқы болған жергілікті басқарушы орындарға тұрғындар дән риза!

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар