2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл...

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Алматыда Асанәлі Әшімовке арналған ескерткіш ашылды

Талай кинода басты рөлдерді ойнап, әлі күнге театр сахнасынан да түспеген аңыз адам Асанәлі Әшімов биыл 85 жасқа толуда. Алматы қаласында  театр және кино актері, әрі режиссер Асанәлі Әшімовтің мерейтойы ерекше аталып өтуде. Өйткені оның қазақ өнерінде алатын орны ерекше. Театр өнері мен кинематографияның дамуына қосқан зор үлесі оны «аңыз адам» атандырып, халықтың ыстық ықыласына да ие болғызды.

Кеңес және Қазақстан киносының аңызы әлі күнге киноға да түсіп, өнер әлеміне адалдық танытып келе жатыр. Сондықтан оның мерейтойы қалай тойланса да жарасатындай. Осы орайда жақында ғана КССР мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КССР мен Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімовке арналған скульптура Атакентте ашылды. Оған көзі тірісінде қойылған бұл естелікке бүгінде арнайы баратындардың қарасы көп. Өйткені оның өнеріне құрметпен қарайтын көрермені жетерлік.

«Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы» және тағы басқа фильмдердегі актердың әрбір рөлі халықтың жүрегінен орын алған. Бүгінгі күнге дейін 30 дан астам киноға түскен әртістің барлық рөлдерінде ерекше қолтаңбасы бар. Сондықтан мәдениеттің мекені Алматыда оған қандай құрмет көрсетілсе де жарасады. Осы орайда мерейтойға орай скульптурасының ашылуымен бірге қойылым да қойылып, көрме де ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында  Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімовтің 85 жас мерейтойына арналған «Өнерім – өмірім» атты интерактивті спектаклін қойды. Мерейтой аясында театрдың мұражай қорында «Тағдыры – өнер тарихы» атты аңыз адамның шығармашылығына арналған көрме де ұйымдастырылды. Көрмеге театр корифейінің жеке қорынан 200-ге жуық экспонат қойылуы халықтың ерекше ықыласы мен қызығушылығын туғызды. Осыны байқаған Алматы қаласы ­әкі­мінің орынбасары Арман Қырықбаев жыл бойы жалғасатын мерейтойдың ас ішіп, аяқ босатудан емес, тағылымды көрмеден басталуын жоғары бағалады. Аталмыш көрмеге мерейтой иесінің спектакльдерде киген киімдері, жас кезінен бергі куәліктері, орден, медальдары, кино, театр фестивальдерінде алған марапаттары, әсіресе алғашқы сүйікті жары Майра Айманованың 1957–1958 жылдары жазған хаттары, құйрықты жұлдыздай жарқ еткен ұлы Сағи Әшімовтің майлы бояумен салынған суреті, өзге де көптеген заттары қойылып жиналғандардың көңілінен шықты. Дегенмен Алматы қаласында аңыз адамның мерейтойы әлі жалғаса беретіні аталып өтті. Демек еліміздің мәдениетінде орны бар тұлғаларға арналып түрлі шаралар жалғасын таба бермек.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар