14 C
Almaty
Жексенбі, Наурыз 26, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Алматыда «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды (фото)

9 қазан күні Алматы қаласы «Қазақстан» қонақ үйінде «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті.

Байқауға 40-қа жуық шығарма келіп түскен. Әділқазылар алқасының төрайымы Айнұр Сембаеваның айтуынша жеңімпаздарды анықтау қиындық тудырмаған.

Байқау туралы пікірін білдірген «Заң» газетінің бас редакторы Айнұр Сембаева: «Әлеуметтік тақырыптарды жазатын журналистер кілең жастар болды. «Шеврон» компаниясының әлеуметтік бағдарламалары туралы жазғандар, нәсихаттағандар да болды. Қазылар алқасы бірін-бірі білген жоқ. Бірақ, бәрінің бірінші орынға, екінші орынға қойған жүлдегерлері бірдей болып отырды» дейді.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік тақырыпқа жазатын БАҚ өкілдерінің кәсіби біліктілігін көтеру және жазарман қауымның шығармашылық қарымын күшейту, ынталандыру мақсатында өткен байқауға 7 жүлделі орын тағайындалды.

Шығармаларды бағалау материалдардың объективтілігі, кәсіби шеберлігі, әлеуметтік жобалардың маңыздылығын жан-жақты ашып көрсетуі, жұмыстардың шығармашылық толымдығы сынды бірнеше өлшем негізінде жүргізілген.

Жүлделі орын алғандар:

1. Әсел Жақсыбай 1-орын

2. Жадыра Мүслім 2-орын

3. Данияр Болысбекұлы 3-орын

Ынталандыру сыйлығы:

1. Айдағараев Бағдәулет

2. Дастан Баширов

3. Айнагүл Шакупова

4. Дәурен Махимов

 

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар