5 C
Almaty
Сейсенбі, Қыркүйек 26, 2023

Шекарашылар туралы сериал түсірілді

Қараша айында шекарашы курсанттар жайлы түсірілген «Академия»...

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2...

Халықтың 10 пайызы келмейді. Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр?

Белсенді және тәуелсіз шолушы Арайлым Назарова Алматы...

Алматыда 65 мыңнан астам бала тегін үйірмемен қамтылды

Алматы қаласы бойынша 65 мыңнан астам бала тегін үйірмемен қамтамасыз етілуі ең алдымен талай ата ананы қуантып отыр. Бұл туралы әлеуметтік желіде damubala.kz порталын әзірлеуші QazTiqet компаниясы хабарлады.

Алматы әкімдігі 2023 жылы жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын іске асыру үшін 65 739 ваучерге есептелген 16,2 млрд теңге бөлген. Оның 30 495 – спорт секцияларына, 35 244 – шығармашылық үйірмелерге арналған.

Бұл елдегі қалалар мен облыстар арасында балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруына бөлінген бюджет қаржысының ең көп бөлігі. Мысалы, Астана қаласында 6,5 млрд теңге, Шымкент қаласында 5,7 млрд теңге, Қызылорда облысында 4,3 млрд теңге және т.б. бөлінген.

Осылайша, өткен жылдан бері белсенді ваучерлер саны 42 958, босаған ваучерлер саны 22 781, берілетін ваучерлердің жалпы саны 65 739 жетті. Айта кетейік, ваучерді алған ата-аналар ол іске қосылғанша балалары секцияға немесе үйірмеге 10 күн ішінде екі рет тегін баруға құқылы.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар