-15.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Алматы жұлдыздары. Референдумға қаланың  танымал адамдарынан кім келді?

Дауыс беру  күні қоғам қайраткерлері мен мәдениет қайраткерлері үлкен белсенділік танытты. Олардың арасында әнші Сәкен Майғазиев те бар:

«Екі ай ішінде елімізде референдум бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілді. Жаңа Қазақстан – әділетті Қазақстан дейді. Мен бүгін өз таңдауымды жасап, дауысымды бердім», – деді ол.

Танымал скрипкашы Жәмила Серкебаева Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан № 254 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Нұр-Мұқасан» тобының солисі Мұқасан Шахзадаев та осы күні өз дауысын берді.»Мен дауыс беруге келдім. «Жаңа Қазақстанды» құру үшін әркім өз таңдауын жасауы керек», – деді ол.

«Жігіттер» тобының солисі Бағлан Әбдірайымов дауыс берді, Инстаграмда оның қатысуымен фото жарияланды.

Актриса, тележүргізуші Майя Веронская пост жариялады

«Біздің еліміз әрдайым гүлдене берсін!», – деді ол.

Қазақстандық танымал режиссер Ақан Сатаев өзінің Инстаграмдағы парақшасында референдумға қатысатыны туралы айтып, фотоны  жариялады.

Әнші Бүркіт (Айбек Жансейтов) өзінің сайлау учаскесінде дауыс берді. «Біздің елімізде бәрі жақсы болсын!», – деді ол.

Танымал белсенді және блогер Анна Торосян №261 мектеп-гимназиядағы №51 сайлау учаскесінде дауыс берді. Өзінің Инстаграмында Анна сайлау учаскесінде көптеген жастар дауыс беретінін атап өтті.

«Біз өзгерістерді қалаймыз, барлығы жаңа Қазақстанда өмір сүргісі келеді. Сондықтан бүгін мен үшін және еліміздің барлық жастары үшін бұл өз азаматтық ұстанымын көрсетуге, өз пікірін білдіруге, қазақстандық қоғамның белсенді бөлігіне айналуға үлкен мүмкіндік», – деп жазды Анна Торосян Инстаграм-аккаунтында.

Тамақтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов референдумда дауыс берді. «Бұл референдум бәріміз үшін өте маңызды. Барлық жауапкершілікпен, балаларымыздың болашағы үшін өз атымнан дауыс бердім», – деді ол.

Суретші Роман Ким өз дауысын берді. «Мен мемлекеттік Республикалық академиялық корей театрының әртісімін, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесімін және қазақстандық эстрада әртісімін! Бүгін мен өз мемлекетімнің тағдырына қатысуды азаматтық парызым деп санаймын, еліміздің жарқын болашағына сенемін! Қазақстан Республикасының әрбір азаматы шетте қалмауы,  әркім өз таңдауын жасауы тиіс! Мен аңа Қазақстанға дауыс бердім!»,- деді Роман Ким.

Сондай-ақ референдумға мыналар да  қатысты:

Актриса Альмира Тұрсынбаева

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан референдумда дауыс берді

Әнші Айдар Тұрғанбек

Композитор Алтынбек Қоразбаев

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Благодарный

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Шахзадаев Мұқасан

Әнші Луина (Луиза Каринбаева)

Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет

Актер Азамат Сатыбалды

Ақын Мұратхан Шоқан

Суретші-карикатурист Еркін Нұразхан

Актер Бақыт Тушаев

Ақын Бауыржан Жақып

Ақын Серік Қалиев

 

 

 

 

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар