16 C
Almaty
Жұма, Қыркүйек 29, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

Алматы телеарнасы Қаңтар оқиғасы туралы түсірілген деректі фильмнің үшінші сериясын жариялайды

Журналистік зерттеу жанрындағы авторлық фильмнің мақсаты – Алматыдағы қаңтар оқиғасына қатысты алып-қашпа әңгімелерді ысырып тастап, жағдайдың қалай болғандығын оқиға хронологиясын қалыпқа келтіру арқылы шындыққа көз жеткізу, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүкіл ел үшін нағыз сынаққа айналған трагедия туралы 5 сериялы фильм эксклюзивті сұхбаттар мен бұрын белгісіз болған фактілерді ұсынады. Ең бастысы, қанды тәртіпсіздіктер мен жан түршігерлік бүлікке әкелген наразылық шерулерінің егжей-тегжейлі хронологиясын жаңғыртады.

Қайғылы қаңтардың бастауында не жатқанын, бандиттердің әкімдік, әуежай мен полиция бөлімін қандай мақсатпен басып алғысы келгенін оқиға орнында болған қатысушылар мен куәгерлер баяндайды. Қаңтардағы бей-берекеттік кімге пайдалы болды және бұл қиын жағдайда ел тұтастығы қалай сақталғанын түсіну үшін журналистер сол кездегі оқиғаларға өзіндік талдау жасады.

Осы бейсенбі 15 желтоқсан, сағат 20:00-де «Алматы» телеарнасында, сондай-ақ YouTube арнасында «Қайғылы Қаңтар: Тұңғиық үстінде» деректі фильмінің үшінші сериясын өткізіп алмаңыз.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар