15 C
Almaty
Сейсенбі, Қазан 3, 2023

Қазақстан – татулық пен тұрақтылық темірқазығы!

Қазақстан! Пай, пай, пай! Ардағым-ай! Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай. Өзіңде...

Маңғыстауда шартастар тоналып жатыр

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әйгілі Торыш алқабында ...

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Алматы» телеарнасы қаңтар оқиғасы туралы 5 сериялы фильм түсірді

«Қайғылы Қаңтар: Бүлікке дейін…» фильмінің бірінші бөлімі бейсенбіде сағат 18:20-да эфирге шығады.

Almaty.tv журналистік зерттеу жанрындағы бұл авторлық фильм Алматыдағы қаңтар оқиғасының хронологиясын егжей-тегжейлі қалпына келтіріп, әр түрлі болжамдар мен қауесеттен тыс, оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын көрсетуге тырысады.

Бүкіл ел үшін үлкен сынаққа айналған трагедия туралы бес бөлімді фильмнің алғашқы бөлімінде эксклюзивті сұхбат және жұртқа беймәлім фактілер беріліп, ең бастысы – қантөгіске айналған бүлік пен жаппай тәртіпсіздік хронологиясы қайта жаңғыртылды.

Көрермен қатысушылар мен куәгерлердің айтуы бойынша қайғылы қаңтардың қалай басталғанын, не болғанын, бүлікшілердің әкімдік, әуежай және полиция департаментін қандай мақсатпен басып алғысы келгенін біледі. Журналистеріміз елде дүрбелең болғаны кімге пайдалы болғанын, мемлекет тұтастығы қалай сақталып қалғанын түсіну үшін оқиғаларға сараптама жасады.

Бейсенбіде «Алматы» телеарнасынан «Қайғылы Қаңтар: Бүлікке дейін…» фильмінің бірінші бөлімі көрсетіледі. Караңыздар! Фильмді сондай-ақ YouTube арнасынан да көре аласыздар.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар