-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Алматы – «спортшы қала» болуы керек!

Алматы тұрғындары арасында спортпен айналысу күн өткен сайын өзектілігін арттыруда. Бірақ әлі де болса қала халқының салауатты өмір салтының негізі саналатын спортпен айналысуы төмендеу. Мәселен, алматылықтардың 34 пайызы ғана дене шынықтырумен айналысады екен. Оған бір себеп, спорт кешендерінің аздығы болуы мүмкін. Себебі, Алматы тұрғындарына 65 мың шаршы метр спорттық-рекреациялық инфрақұрылым жетіспейді.

Жоспар бойынша дене шынықтырумен және спортпен айналысатын шаһар тұрғындарын толық қамтуды 2025 жылға қарай 40 пайызға дейін, ал 2030 жылға қарай 50 пайызға жеткізу көзделген. Оның ішінде әр сала бойынша жеке-жеке жоспар тағы тағы бар. Мысалы, 2025 жылға қарай футбол мен баскетбол, волейбол мен хоккей бойынша мектеп ішінде, және студенттер клубтарын, лигаларын құру сияқты жоспарлар бар. Одан бөлек, жыл сайын ең аз дегенде 35 ірі халықаралық деңгейдегі бұқаралық жарыстар өткізу де жоспарда бар. Мәселен, марафондар, веложарыстар, триатлондар, чемпионаттар өткізу жоспарға енгізілген.

Қала тұрғындары арасында спорпен айнылысуды дамыту үшін мемлекеттік және жеке қаражат есебінен стрит-спортты белсенді дамыту көзделген. Айталық, қала ішіндегі саябақтарда жүгіруге арналған 30 шақырым жол салу. Одан басқа стритбол және скейтбординг және Open Air фитнес үшін 16 алаңқай салу да негізгі жоспар тізіміне енген.

Қазақ «Дені саудың жаны сау» дейді. Демек, спортпен айналысу адам денсаулығының кепілі деген сөз. Осы мақсатта қалада ең аз болғанда 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу 2025 жылға дейінгі жоспарға еніп отыр. Бұл кешендердің жалпы ауданы 30 мың шаршы метрден кем болмайды. Осы уақытқа дейін жұмыс істеп тұрған кейбір спорт кешендері қайта жөндеуден өткізіледі. Оның бәрі тұрғындардың қажеттілігіне қарай жабдықтандырылады.

Ал енді 2030 жылға қарай Алматы тұрғындары арасында спортпен айнылысуды дамыту үшін қандай жоспарлар жасалуда? Бұл да өте өзекті сауал. Мәселен, орталық стадионды халықаралық талап бойынша 45 мың адамдық орындыққа дейін кеңейту жоспары бар. Әрине, бұл арада бұрынғы жұмыс істеп тұрған кешендер де кіреді. Нақтырақ айтқанда, жаңа полиорталықтарда ең аз дегенде 10 қосымша дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу керек. Оның әрқайсысының көлемі шамамен 5 мың шаршы метрден көбірек болады. Жоспар бойынша 2030 жылға қарай жеңіл атлетика манежін салу көзделіп отыр. Жеңіл атлетика кез келген адам үшін қажетті спорт. Әсіресе, спортпен кәсіби айналыспайтын қала тұрғындары үшін жеңіл атлетикадан артық спорт түрі кемшін.

Ш.Қалыбек

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар