1 C
Almaty
Бейсенбі, Ақпан 9, 2023

Тараз. Қаңтарда оққа ұшқандар кінәлі болды

Тараз соты Қаңтар оқиғасынан кейін айыпталған тоғыз...

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне...

Атаулы жалақы 338 мың теңгеден асты

  Елімізде 2022 жылғы төртінші тоқсанда атаулы жалақының...

Алматы облысында жылдың үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Алматы облысында медициналық жабдықтарды сатып алуға 4,4 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалған. Бұл туралы 16 маусым күні Қонаев қаласында өткен медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты деп хабарлайды Alash.kz порталы.

Мекемелердің жабдықталуы – 91%. Биыл қосымша 106 бірлік арнайы жабдықтар сатып алынатын болады. Жиында «2022 жылдың үздік медициналық қызметкері» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Жиында облыс әкімі Жаңа Қазақстанды құрудағы оң бастамалардың бірі ретінде Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілуі екенін атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімі пандемиямен күресте білік-білімі мен өз тәжірибесін арнаған медицина мамандарға алғыс айтты.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдымызға қойған міндеттеріне сәйкес аурудың алдын алуға, медициналық қызметтің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етуге бар жағдай жасалып келеді. Ғимараттар жаңартылып, материалдық-техникалық база нығайтылды. Жылдан жылға осы салаға бөлінетін қаржы көлемі де артып келеді. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 4,4 млрд. теңгеден асты.   Денсаулық сақтау ұйымдарын қажетті мамандармен қамтуға да зор көңіл бөлінеді. Облыстың медициналық мекемелеріне соңғы үш жылда 354 дәрігер маман жұмысқа қабылданды. Қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен толық көлемде қамту және дәрігерлер біліктілігінің арқасында індеттің беті қайтып, барлық сала қалыпты өмірге оралды. Антына адалдық танытып, күн сайын ерлікке тең іс атқарып жүрген сіздердің әрқайсыларыңыз құрметке лайықсыздар, – деді өз құттықтауында Марат Сұлтанғазиев.

«2022 жылдың үздік медициналық қызметкері» байқауының жеңімпаздары анықталып, марапатталды. «Стационардың үздік дәрігері» атанған Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының дәрігері Рамиль Қарасаев облыс әкімінің қолынан 7 млн. теңгенің сертификатын алды.

Сол сияқты Іле орталық аудандық ауруханасының әлеуметтік қызметкері Жұлдыз Кулманова «Үздік әлеуметтік қызметкер», КазЦик ауылының дәрігерлік амбулаториясы «Үздік дәрігерлік амбулатория» аталымдарында жеңімпаз деп танылып, ақшалай сертификаттарға ие болды. Сол сияқты жемісті еңбегі үшін денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты тапсырылды. Денсаулық сақтау министрлігінің де сала мамандарына арналған «Еңбек ардагері» медалі мен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері берілді.

Салтанатты шарадан соң облыс өнерпаздары концерттік қойылым қойып, мерекелік көңіл күйді арттырды.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар