24 C
Almaty
Бейсенбі, Маусым 8, 2023

«Жауапқа тартылады». Қорғаныс министрі Тұрлыхановтың ұлына қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасылдың әскери...

Рәміздер күні БҚО-да айрықша сән-салтанатпен атап өтілді

Мемлекеттік рәміздер күні Батыс Қазақстанда облысында барынша...

Алматы мектептерінде қауіпсіздік басты міндет

Алматы мектептерінде бес мыңға жуық бейнебақылау камерасы балалардың қауіпсіздігін күзетеді. Соңғы кездері еліміздегі балалардың қауіпсіздігі биік мінберлерден жиі қозғалуда. Ел Президенті де бірнеше рет осы мәселені тілге тиек етіп, тиісті орындарға тапсырма берген болатын. Сол тапсырманың бірі мектептерді бейнебақылау қондырғыларымен қамтамасыз ету еді. Осыған орай Алматы қаласындағы мектептер сандық технологияға сүйеніп, білім ордаларында бақылау камераларының санын көбейтуде.

Мәселен, дәл қазір Алматы қаласының мектептерінде 5 мыңға жуық бейнебақылау камералары орнатылған. Осы мәселеге орай қалалық полиция департаментінің өкілдері «Балаларымыздың қауіпсіздігі мәселесі бірінші орынға қойылып, полицияның тұрақты бақылауында. Барлық білім беру нысандарында қауіпсіздік мәселесі бойынша тексеріс жүргізілді.

Бүгінгі таңда қала мектептерінде 4960 бейнебақылау камералары орнатылған. Сонымен қатар, қаланың жалпы білім беретін мектептерінде “дүрбелең батырмалары” орнатылған, олар бірден ПД ЖБО-ға қосылған. Сондай-ақ білім беру нысандарына кіру жүйесі ретке келтірілді. Арнайы турникеттер бар», – дейді.
Демек алматылық ата аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдамаса да болады. Өйткені қаладағы мектептер оқушыларға да, ұстаздарға да жайлы, заманауи қалыпқа түсіп келеді.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар