5 C
Almaty
Сейсенбі, Қыркүйек 26, 2023

Шекарашылар туралы сериал түсірілді

Қараша айында шекарашы курсанттар жайлы түсірілген «Академия»...

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2...

Халықтың 10 пайызы келмейді. Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр?

Белсенді және тәуелсіз шолушы Арайлым Назарова Алматы...

Алматы көшелері көркейе түспек

Алматы көпшілікті өзінің жайлы табиғатымен, жазда жасыл желегімен баурап алған қала. Мұндай қаланың көшесінің де талапқа сай болғаны жөн. Осы орайда жыл сайын жаз шыға қала көшелері тексеруден өтіп, кейбіріне жөндеу жұмыстары да жасалады. Мәселен биыл қалада 15 магистральды көшеде орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Әл-Фараби даңғылы бойымен Асқаров көшесінен Достық даңғылына дейінгі  ұзындығы 9 км-ден асатын  учаскені жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Бұрынғы  орташа жөндеу жұмыстары мұнда 2010 жылы жасалған. Арада он шақты жыл өткен соң сапасы сыр берген көшелерді реттеу жұмыстары жасалып жатыр. Атап өтер жайт, жұмыстар көлік қозғалысы бөлігін ішінара жабу арқылы жасалып жатыр.

Сондай-ақ, Есентай өзені арқылы өтетін әл-Фараби даңғылындағы көпірде 6 маусымнан бастап  реконструкциялау  аясында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобада көпірді қайта жаңарту және екі веложүргінші көпірін салу көзделген. Бүгінде айналма жолды қамтамасыз ету және инженерлік коммуникацияларды қайта құру үшін бөлу жолағында жол төсемдерін жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қалалық мобильділік басқармасы «Орташа жөндеу жұмыстары Абай даңғылында, Достық даңғылынан Тілендиев көшесіне дейінгі учаскеде де жүргізілуде. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жөндеу кезінде көшелер ішінара жабылады. Абай даңғылындағы аталған учаскелердегі жол жабынына алдыңғы орташа жөндеу жұмыстары 2012 жылы жүргізілген. Жалпы магистральды көшелерді орташа жөндеуді оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарлануда. Жөндеу жұмыстарына түсіністік пен шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз» деп жөнделіп жатқан көшелерге қатысты түсініктеме беріп отыр. Оқу жылы басталғанға дейін көшелер пайдалануға тұрғындардың игілігіне жарар деген үміт зор.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар