22 C
Almaty
Жексенбі, Маусым 4, 2023

Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Орал қаласында VI Uralsk Green Forum халықаралық...

Астанада Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов «Astana polytechnic»...

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Алматы Art Sport бағдарламасына 1,7 миллиард теңге қарыз

Қала әкімі бағдарламаны қаржыландыру мәселесін жазғы демалыс кезінде шешуге уәде берді.

Алматыда Art Sport бағдарламасы бойынша 1,7 миллиард теңге қарыз жиналып қалған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев өзінің Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

 «Бұрын алған міндеттемелер бойынша қазір қарызымыз бар. Бірақ біз барлық қарызды өтейтін боламыз. Бүгінде ол шамамен 1,7 миллиард теңге болып тұр. Бізде бастапқыда 45 мың, қазір 100 мың бала болуы керек болса, өтініштер толастар емес. Ең бастысы , Art Sport бағдарламасының өзіне байланысты да  айтарлықтай мәселелер бар» деп келтіреді әкімнің баспасөз қызметі Ерболат Досаевтың сөзін.

 

Оның айтуынша, бағдарлама орталық органдардың деректер базасымен біріктірілмеген.

— Біз өз міндеттемелерімізді орындаймыз, жазғы каникул кезінде қаржыландыру мәселесін шешеміз, содан кейін Премьер-Министр Мәдениет және спорт, сондай-ақ білім министрліктері әзірлеуді тапсырған жаңа ережелерге көшеміз, – деді Ерболат Досаев.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар