-15.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Алматы әкімі креативті жастар орталығына барды

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласындағы жастардың әлеуметтік-мәдени кеңістігі ретінде жасақталған орталыққа барып, жоба-жоспарымен танысты.

Кеңістіктің тең авторы Дәурен Төлеевпен, басқарушы серіктестер Рустам Қожағалиев және Нафисат Ермағамбетовамен жолыққа қала әкімі Ерболат Досаев қаланың креативті индустрияларын дамыту перспективаларын талқылады.

Бұл орталықта заманауи креативті кеңістік, өнер мен мәдениет саласындағы жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылады. Жоба 13 тұрақты резидентті,  сәулет бюросын, балет мектебін, білім беру қызметін, оның ішінде NEET жастарын оқытатын, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрететін үйірмелерді және басқаларды біріктіреді.

«36-шы үй» жобасы 2020 жылдың сәуір айында іске қосылды және бүгінде креативті индустрия өкілдері үшін өзіндік тартылыс орнына айналды. Қысқа мерзім ішінде жобаны ұйымдастырушылар 100 – ге жуық түрлі іс-шараларды  – көрмелер, концерттер, вернисаждар, театр қойылымдарын, фестивальдарды, тәлімгерлік және бизнесті дамыту  бағдарламаларын және тағы басқаларын өткізді. Аталған шаралармен жалпы 25 мыңнан астам адам қамтылды. Кездесу барысында әлеуметтік-мәдени кеңістіктің өкілдері қала басшысына жобаның ауқымын  ұлғайтуды, яғни Алматының басқа  да аудандарында жаңа креативті кеңістіктер құруды ұсынды. Ерболат Досаев бұл идеяны қолдады, сондай-ақ жоба резиденттерін перспективалы қалалық жобаларды, қоғамдық кеңістіктерді, оның ішінде оларды тұжырымдама сатысында әзірлеуге қатысуға шақырды, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің арнайы бағдарламалары аясында жастарды оқытуға қатысуды ұсынды.

Қазіргі уақытта Алматыда креативті индустрия саласында 27 200 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 22 020. 2017 жылдан бері ақпараттық жүйелерді жобалау, бағдарламалық қамтамасыз ету, веб-порталдарды әзірлеу, музыка, киноиндустрия, жарнама, маркетинг, білім беру және мәдениет саласындағы креативті қызметтің едәуір өскенін көрсетті.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар