2 C
Almaty
Бейсенбі, Наурыз 23, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Әлеуметтік желіде бананда паразиттер болуы мүмкін деген ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде бананда «кішкентай құрттар» болуы мүмкін деген жалған видео тарады, деп хабарлайды Stopfake.kz порталы.
Желіде тараған видеоның түпнұсқасы @mir_glazami_microscopa Tik Tok аккаунтында жарияланған. Роликке ешқандай пікір жазылмаған. Алайда бұл аккаунтта мағынасы жағынан ұқсас видео көп. Біреуінде автор жүгерінің собығынан «паразит» табады. Одан кейін оны пісіріп, ештеңе болмағандай жеп алады.
Тағы бір видеода шұжықтан жасыл бөлшектерді, талшықтарды және шығу тегі белгісіз элементтерді анықтайды. Шұжық туралы видеоның астында пікір жазылған. Мәтінде фейк туралы ашық айтылады.
Сондай-ақ парақшада жеміс пен көкөністе кездесетін құрттар туралы видеолар бар.
«Автордың «тәжірибе» қасақана бұрмаланғанын мойындағанын ескерсек, ол адамдарды алаңдату үшін құрттарды өзі салып, микроскоппен қараған деп пайымдауға болады. Яғни, бананан паразиттердің табылғанына ешқандай дәлел жоқ», – дейді Stopfake мамандары.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар