-14.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Ала-құла «Алматы жастары»

«Алматы Жастары» деген бағдарламаның былығы шығып жатыр. Биыл баспаналы болуға үмітті 11 мыңнан астам адам өтініш беріпті. Соның тек мыңы (1000) ғана пәтер алады.
Биыл баспаналы болуға менің де бірнеше танысым өтініш берген. Солардың бір екеуінің электронды құжаты жоғалып кетіпті. Мәселен, бір танысым тізімдегі құжаттарды толық өткізген. Кейін қараса зейнетақы түсімдері туралы анықтамасы өшіп кеткен.
Тағы бір келіншектің баласының туу туралы куәлігін әдейі жоғалтып жіберген. Алматы қаласының әкімдігі онлайн порталға салған қағаздар қайда кетуі мүмкін???
Меніңше, бұл баспаналы болуға мүмкіндігі жоғары, өзгелерге қарағанда балы көп кандидаттарға жасалған қасақана әрекет сияқты. «Алматы Жастарына» жауапты Тұрғын Үй Саясаты Басқармасы мамандары өз адамдарын, тамыр-таныстарын өткізу үшін әдейі істеп отыр деп ойлаймын. Ертең іріктеуден өткендердің тізімі шыққанда «сіздің құжаттарыңыз түгел болмады» деген сылтаумен ысырып тастай салады. Одан кейін қажетті қағаздардың бәрін түгендеп, электронды порталға жүктегеніңізді Жоғарғы соттың алдында да дәлелдей алмайсыз.
Өтініш берген 11 мың үміткердің он мыңы іріктеуден өтпейтіні белгілі. Соның тең жартысына «құжатыңыз түгел емес» деген жауап келуі мүмкін. Осындай сылтаумен порталға салған құжаттарыңыз ізім-ғайым жоғалып кетіп жатса жекеме жазыңыздар. Өзіміз зерттеу жүргізіп көрейік.
Осы бағдарламамен талай танысым, әріптестерім, достарым баспаналы болды. Шарттары өте тиімді. Тек бір қарын майды шірітетін құмалақтар құртып жатқан сияқты.
P.S. Іріктеуден іркілмей өту үшін кей кісілердің мұртын майлау керек дегенді де естідім. Алдыңғы жылдары ондай делдалдардың ставкасы 100 мың теңге болған. Биыл 500 мың теңгеге дейін көтеріліп кетіпті деп жатыр. Бірақ қолмен ұстап, көзбен көрмегесін, нақты дәлел болмағасын ешкімді қаралағым келмейді.
Диас Нұрақын

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар