Posted inЖаңалықтар

Айканың тізімі: әншілер, әкімнің орынбасарлары, блогерлер

Әлеуметтік желіде жеңгетай әйел – Айканың қыздарынан эскорт қызметін жиі алып тұратын жігіттердің тізімі тарап кетті. Ішінде әнші Қайрат Нұртас жүр, деп хабарлайды alash.kz тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

VIP жеңгетай Айканы маусым айында Ішкі істер министрлігі қолға түсірген еді. Министрлік Алматыда айналымы 209 миллион теңгеден асатын элиталық эскорт қыздардың «жабық» әлеуметтік желілері жойылғанын хабарлаған болатын. Осы әлеуметтік желілер арқылы полицияның мәліметінше, Алматыда тек ауқатты ерлерге интимдік қызмет  көрсететін модель қыздардың қатысуымен секс кештері ұйымдастырылған.

Енді арнаның ақпаратына сүйенсек, тізімдегі 300 адамның арасында облыс әкімінің бірінші орынбасары, сосын министрлікте басқарма басшысы болып отырған лауазымды тұлғалар бар.

«Әліптің артын бағайық. Біреуді айыптаудан аулақпыз. Жеке өміріне үңіліп, танымал тұлғаның төсек қатынасын тексеріп жатпаймыз», – дейді арна жүргізушісі.

Пікір үстеу