Posted inСаяcат

«Air Astana» жолаушылардан негізсіз ақша алған. Айыппұл арқалады

«Air Astana» авиакомпаниясына жанармай алымын негізсіз қолданғаны үшін миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды alash.kz.

Бұл туралы компанияға қатысты тексеруді жүргізген бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді.

««Air Astana» авиакомпаниясы ұшып шыққан күні немесе жақын күндердегі авиабилеттер сатып алынған кезде жолаушылардың барлық санаттарынан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды. Оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде реттемеген», деп хабарлады агенттік өкілдері.

Нәтижесінде авиатасымалдаушы 876 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ компания 2024 жылдың соңына дейін ішкі рейстердің бағасын көтермеуге міндеттелді.

Пікір үстеу