-6.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Ахметбек Нұрсила: «Марғұланға ұқсағысы келген қазақ жастары қандай бақытсыз, сорлы еді».

 

Бизнесмен Ахметбек Нұрсила миллиардер Марғұлан Сейсембайдың лекцияларын тыңдап, өмір сүру дағдысынан үлгі алып жүрген жастарды сынға алды.

Сондай-ақ, Ахметбек Нұрсила Марғұлан Сейсембайдың Қуаныш Шонбай мен оның әріптестеріне берген сұхбаты кезінде айтқан байлығына қатысты мәліметтеріне шүйлікті. Атап айтқанда, Марғұланның «9 млн еуроға тамақ таситын ұшақ алдым» деген сөзі шамына тиген.

«Марғұланды тыңдап, ұқсағысы келіп жүрген қазақ жастары қандай бақытсыз, сорлы, дүниенің құлы болып өседі деп ойлаймын» деп жазды Ахметбек Нұрсила өз парақшасында.

Бизнесмен бұл жазбаны қызғаныштан жазбағанын алға тартты.

«Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек – дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездің ісі.

Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатарындағының ішін күйдіріп, өзінен кейінгілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» дейтұғын болмаққа ойланбақ. Мұның бәрі – масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы – қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деген Абайдың сөздерін келтірді жазба авторы.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар