10 C
Almaty
Сейсенбі, Мамыр 30, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

«Қазақстан» ауыспайды

Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың І отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің атауын өзгерту ұсыныстары жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz

Президент «Кейбір азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауы да өзгеруге тиіс еді деген пікір айтып жүр. Олар «Қазақстан» атауындағы «-стан» сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны да қисынды деп айтуға болмайды. Себебі, әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар», деді. Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекетіміздің атауын өзгерту – жауапсыз шешім.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ең басты мәселе, біз Тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойдық, мемлекеттік шекарамызды бекіттік. Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Бұл – ең алдымен, ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе», деп түйіндеді.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар