22 C
Almaty
Жексенбі, Маусым 4, 2023

Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Орал қаласында VI Uralsk Green Forum халықаралық...

Астанада Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов «Astana polytechnic»...

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Ел азаматтары Алматыда Қазақстан халқына үндеу жасады

2 маусым күні Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында елдің бір топ жанашыр азаматтары алдағы референдумда дауыс беруге қатысуға шақыру мақсатында баспасөз жиынын өткізді.

Елімізде жалпыхалықтық референдумның өтуіне санаулы күн қалды. Осыған орай бүгін қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер Конституцияға енгізілетін түзетулерге жеке-жеке тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Басқосуға қатысқан өнер қайраткерлері ел өміріндегі өзгерістерге қоғам түгелдей атсалысу керек деген пікір айтты.

«Менің түсінігім бойынша бұл жерде ұсынылған ұсыныстардың басым көпшілігі керек дүние. Референдум жалпы әр мемлекетте болады. Ол 20-30-50 жылда бір-ақ рет болуы мүмкін. Себебі Жаңа Қазақстанды құрамыз деп отырмыз. Сондықтан Президентіміз осындай өзгерістерді ұсынды. Осыны халыққа түсіндіруіміз керек», – деді «Дос-Мұқасан» тобының жетекшісі, композитор Мұрат Құсайынов.

«Президентіміздің өзі үлгі көрсетті. Ешқандай туыстары, командасы, жақындары өзімен бірге жұмыс істемейді. Бәріне тоқтау салды. Облыстың әкімі, министрлер,  командасын жан-жаққа апармауы керек. Міне кім істей алады? Кімнің қолынан келеді? Кімнің қабілеті бар?  Қай жақтың адамы? Оған байланысты емес. Үлгі алу керек», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Болат Әбділманов.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар