18 C
Almaty
Бейсенбі, Маусым 8, 2023

«Жауапқа тартылады». Қорғаныс министрі Тұрлыхановтың ұлына қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасылдың әскери...

Рәміздер күні БҚО-да айрықша сән-салтанатпен атап өтілді

Мемлекеттік рәміздер күні Батыс Қазақстанда облысында барынша...

6 мың адамға «банкрот» жарияланады

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Сенаттың жалпы отырысының кулуарында жеке тұлғалардың банкроттығы туралы айтты, деп хабарлайды «Алаш».

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бүгінге дейін «өзін банкротпын» деп жариялауға қанша адам өтініш бергенін айтты.

«Қазіргі таңда ведомстволарға 49 мың арыз түсті. Солардың 6 мыңнан астамы өңделіп, оң шешімі қабылданды. Енді 6 айдың ішінде ол азаматтарға «банкрот» мәртебесі берілуі мүмкін. Яғни, әзірге бірінші шешім қабылданды», — деп айтты вице-министр.

Ержан Біржановтың айтуынша, нақты шешім әлі қабылданған жоқ.

«Себебі заңнама бойынша 6 ай мерзім өтуі керек. Сондай-ақ 36 мың арыз берушінің арызы кері қайтарылды. Кей азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімінің критерийлеріне сәйкес келмей жатыр. Оның себебі – қарызының мөлшерден жоғары болуы (5,5 млн теңгеден астам – вице-министр), өздерінің активтерінде мүлік немесе автокөлік болуы сияқты сұрақтар туындап жатыр. Бірақ айта кетерлігі, егер біз арызды қайтаратын болсақ, заңнама аясында көрсетілген  3 айдың ішінде қайта арыз бере алады», — деп түсіндірді ол.

Елімізде «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң 3 наурыздан бастап іске асырылып жатқанын еске сала кетейік.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар