5 C
Almaty
Жексенбі, Наурыз 26, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

«45 жастан зейнетке шығады»: Тамара Дүйсенова жағымды жаңалығын айтты

Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтар зейнетке ерте шығуы мүмкін. Ал қоғам тарапынан сұраныс болса, 1992 жылы қабылданған полигон туралы заңға тиісті өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Alash.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Семейде үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесуде осылай деді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Денсаулық сақтау және Экология министрліктерінің өкілдері ядролық сынақ тақсіретін тартқан аймақ тұрғындарының денсаулығына зерттеу жүргізіп жатыр. Соның негізінде заңға тиісті өзгеріс енгізілуі мүмкін.

«Заң өз орнында қалады. Екіншіден, өзгеріс қажет болса, арнайы институттар өз ұсыныстарын беретін болса, әрине өзгерістер енгізіледі. Заңға сәйкес Семей полигонынан зардап шеккен азаматтар 45 жастан зейнетке шығады», – деді Тамара Дүйсенова.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар