14 C
Almaty
Жексенбі, Наурыз 26, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

-40°С қатты аяз болады: Еліміздің төрт өңірінде ескерту жарияланды

Фото. philadelphia.cbslocal.com

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, еліміздің кейбір облыстарында 30 қарашада қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер қатты жауын-шашын, тұман және көктайғақ болатынын болжады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан батысқа ойыса 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік шығысында -40°С қатты аяз болады.

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын болады (қар аралас жаңбыр). Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аумақтары мен тау бөктерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Тау асуларында оңтүстік батыстан қатты жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Шымкент қаласында тұман түсіп, көктайғақ болатыны болжанды.

Түркістанда да тұман, көктайғақ болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Өңірдің солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с құрайды. Алакөл аумағында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғарыға жетеді деп болжанады.

Синоптиктер республикамыздың көп бөлігі әлі де суық солтүстік антициклонның ықпалында екенін, осыған байланысты аязды ауа райы сақталатынын ескертеді.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар