16 C
Almaty
Жұма, Қыркүйек 29, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

Күдебаев халыққа оқ атқысы келмегені үшін істі болған ба?

Қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған Алматы облысы ПД бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың адвокаттары соттан істі тоқтатуды сұрап өтініш жолдады.

Қаңтар оқиғасы кезінде қызмет орнын тастап кеткен Серік Күдебаевтың адвокаттары соттан істі тоқтатуды және генерал-майорды қызметіне қайтаруды сұрап өтініш түсірді. Адвокаттардың айтуынша, Күдебаев бейбіт халыққа оқ атқысы келмегендіктен осындай қадамға баруға мәжбүр болған.

«Серік Күдебаев Талдықорғандағы митинг кезінде қатты жарақат алды. Оның басына тас тиіп, қансырады. Бірақ соған қарамастан ол халыққа оқ атқысы келген жоқ. Сондықтан осындай шешімге келді. Егер ол атуға бұйрық бергенде кемінде 300 адам қаза табуышы еді. Сізден осы қылмыстық істі тоқтатуыңызды сұраймыз. Өйткені Күдебаев өз қызметін адал атқарған адам», — деді ПД бұрынғы басшысының адвокаттары.

Айта кетейік, Серік Күдебаев ҚК 370 бабы 4-бөлігі 1-тармағы (Ауыр зардаптарға алып келген қызметтегi әрекетсiздiк) бойынша айыпты деп танылып отыр. Ол 2020 жылдан 2022 жылға дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып жұмыс істеген.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар