15 C
Almaty
Сенбі, Қыркүйек 30, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

162 МИЛЛИАРДЕРДЕН ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫН ҚАЙТАРАТЫН КОМИССИЯҒА ЕШКІМ ЫҚПАЛ ЕТПЕЙТІНІНЕ СЕНУГЕ БОЛА МА?

-Біз мақтанып айтатын Ел байлығы қайда? Экс-президент өзі мойындағандай, “кез-келгенін қолынан сүйреп апарып, соттауға болатын” заңсыз байығандардан халық қазынасын халыққа қайтару керек.

Елімізді отыз жылдан бері обадай жайлап алған әділетсіздік, жегіқұрттай жемқорлық жеп бітірді.

Халық өзгерісті ертең емес – бүгін, қағаз жүзінде емес – өмірде көргісі келеді!”-деп мәлімдеген болатынбыз.

Парламентте 8 маусымда Заң жобасын талқылау барысында ҚР Әділет министрі Азамат Есқараевқа “162 МИЛЛИАРДЕРДЕН ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫН ҚАЙТАРАТЫН КОМИССИЯҒА ЕШКІМ ЫҚПАЛ ЕТПЕЙТІНІНЕ СЕНУГЕ БОЛА МА?-деген сұрақ қойып, заңсыз алынған активтерді қайтару үшін құрылатын комиссияның тәуелсіздігі мен ашықтығы мәселесін көтердік.

Сонымен қатар 27 маусымдағы Мәжілістің жалпы отырысында да бұл мәселені тілге тиек еттік:

 

– Бабаларымыз талай рет қанын төгіп, жанын қиып, армандап кеткен Тәуелсіздікті қабылдап, ең алғаш әлемге жариялаған Қазақ Республикасы Жоғары Кеңесінің киелі ғимаратын отыз жыл бойы ойына келгенін істегендер иеленіп алып, қазақша атын жаза алмайтындар қазақтың қасиетті орнының шаңын шығарып жатыр. Яғни, Отанымыздың тарихи ордасы отбасының меншігіне айналып кетті!.. Әділетті Қазақстанда қашан әділеттілік орнап, қасиетті ғимаратымызды қайтарып аламыз? “Ақ жол” партиясы 10 жылдан бері көтеріп, жақында қабылданған заңсыз иеленген активтерді қайтарып алатын заңымызды осы ең басты тарихи ғимаратымызды мемлекетке қайтарудан бастау керек!- деп, осы заңға назар аудардық.

 

Енді, міне, ел көптен күткен «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң қабылданған күнге де жеттік, құдайға шүкір.

ОТЫЗ ЖЫЛ ОЙЫНА КЕЛГЕНІН ІСТЕГЕНДЕР ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫН ХАЛЫҚҚА ҚАЙТАРУЫ ТИІС!

Қазыбек ИСА,

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар