5 C
Almaty
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

«Қайырымды таксиге» мініңіз!

 

Енді сіз мобильді қосымша арқылы қымбат қызмет түрін құсынатын такси жүргізушілерінен күніңіз түсе қоймайды. Себебі «Қайырымды жан» қоғамдық қайырымдылық қоры халықтық жоба ұсынады. ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Қайырымды жан» қоры «Қайырымды такси» отандық мобильді қосымшасын іске қосады. Еліміздің Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Орал, Ақтөбе қалаларының тұрғындары 16 желтоқсаннан бастап «Қайырымды такси» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді бағаға отандық такси шақырып, пайдалана алады. Жобаның мақсаты – такси қызметінен түскен ақшаға «Қайырымды жан» қайырымдылық қоры еліміздегі тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға, әлеуметтік жағдайы жоқ жалғызбасты, көпбалалы аналарға, науқас балаларға қол ұшын беріп, көмек көрсету. «Қайырымды жан» қоғамдық қоры бұнымен қоса «Қайырымды такси» жүргізушілерін жұмыспен қамтиды.

 

 

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар