16 C
Almaty
Сейсенбі, Қазан 3, 2023

Қазақстан – татулық пен тұрақтылық темірқазығы!

Қазақстан! Пай, пай, пай! Ардағым-ай! Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай. Өзіңде...

Маңғыстауда шартастар тоналып жатыр

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әйгілі Торыш алқабында ...

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

100 жастағы апамыз алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Бүгінгі референдумда алғашқылардың бірі болып Жаркент қаласының тұрғыны, 100 жастағы Зейнелхан Оспанова апамыз референдумға келіп, өз таңдауын жасады.
12 құрсақ көтерген алтын алқа иегері саналы ғұмырындағы барлық саяси науқандарға белсенді түрде қатысып келеді екен. Әсіресе, соңғы 30 жылдағы барлық сайлау мен референдум есінде қалғанын айтты.
«Ғасыр ғұмыр иесі әркез жастарға үлгі болып, мемлекеттің іргесін нығайту бағытындағы өзгерістерге қатысуға тырысады», —дейді референдум учаскесінің мүшелері. Дәстүр бойынша алғашқы дауыс берген адамға естелік сыйлық табысталды.
Жалпы бүгін аудан бойынша 74 учаске өз есігін айқара ашты. Өңірде дауыс беру құқығына ие электорат саны 85 мыңға жуық.
Зейнелхан апа:«Ұрпақтарым аман болсын! Артымыздағы жастар аман болсын! Жаркентіміз көркейе берсін! Жастарымыз аман болып, өсе берсін! Қазағымыздың санын көбейте берсін!»,-деген ізгі тілегін білдірді.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар