Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үстіне ыстық су құйып, жалаңаш далаға қуған: Ақсайда киллер жалдап күйеуін өлтірткен іс туралы сұмдық ақпарат шықты

16:28, 08 сәуір 2025 1461

Ақсай қаласында күйеуін өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталып отырған әйел Эльвира Еркебаеваның адвокаты Тамара Сәрсенова сотта сұмдық жағдайдың бетін ашты, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Орал апталағының жазуынша, Галиев әуелі полицияға барып, Ербол Еркебаевты «оның бұрынғы әйелі мен Максим Кузнецов өлтірткелі жүр» деп айтып келген. Кейін Эльвира Еркебаева мен Кузнецовқа барып, бұйрық берген.

«ІІМ орталық аппаратының қызметкері неге Галиевпен қарым-қатынаста болған? Аудиожазбада Галиев қызметкерге «Азеке, менің кураторым сіз ғой» дейді. Содан кейін «Кеше маған 400 мың теңге берді, ертең тағы 100 мың береді» дейді, ал полиция оған «Сосын ақшаны бөліп аламыз» деп жауап қайтарады. Бұл деген нағыз сұмдық қой», - деді адвокат Тамара Сәрсенова.

Алайда тергеу органдары Галиевке куратор болған ІІМ қызметкерін бұл қылмыстық іске араластырмай отыр.

«Галиев деген ұрлық жасап, бірнеше рет сотталып шыққан баукеспе. Ол ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарының бақылауында болған», - деп түсіндірді адвокат.

Қызық болғанда, істің негізгі куәгері Галиев тергеу мен көзбе-көз беттестірулерге жеке басы қатыспаған. Ол куәлік беруге келмей, уақыт созған. Кейін судья оны жабық түрде тергеуге, яғни сотталушыларсыз, олардың туыстары мен БАҚ өкілдерінсіз тергеуге рұхсат берген. Тіпті ол кездің өзінде Галиев бүкіл сұраққа жауап бермеген, ал судья болса оны тергеуді созуға берілген өтініштерді қанағаттандырмаған. Галиев сот отырыстарына келмейтінін айтқан, онлайн да қосылмаған. Судья сотты сыйламайтын «киллерді» жазаға тартуды сұраған арыздарды қабылдамаған.

Адвокаттар бірнеше рет түрмеге отырып шыққан, осы істің негізгі куәгері Галиевке судьяның неліктен бүйрегі бұрып тұрғанын түсінбей дал.

Екінші айыпталушы Максим Кузнецовтың адвокаты Самат Әбуев судьядан Галиевті өтірік куәлік бергені үшін жауапкершілікке тартуды сұраған. Өйткені «киллердің» сот залында айтқан сөздері мен тергеу кезінде айтқан сөздері сәйкес келмейді.

Эльвира Еркебаеваның экс-күйеуі Ербол Еркебаев өзін жәбірленуші санамайтынын, бұрынғы әйеліне ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, адвокаттың қызметінен бас тартқан.

Полиция департаменті мен прокуратура Эльвира Еркебаевны өз мүддесін көздеп арам ойын іске асыру үшін бұрынғы күйеуі Ербол Еркебаевты өлтіруге тапсырыс берген деп айыптап отыр.

Құқық қорған органдарының нұсқасы бойынша, әйел өзінің танысы Максим Кузнецовқа жүгініп, қару тауып беруін өтінген. Кузнецов бұрын сотталған танысы Галиевке жүгінген. Бірақ Галиев полицияға барып, қылмыс туралы алдын-ала айтып берген.

Еске салсақ, бұған дейін Эльвира Еркебаева сот отырысында экс-күйеуінен көрген қорлығы мен қасіретке толы өмірі туралы айтып берген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар