Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістан облысында әкімдік қызметкері балабақша иесін ұрып жіберген

26 сәуір 2024 213

Бейнежазбаны Түркістан қалалық мәслихат депутаты Сәкен Хандиллаев Facebook-парақшасында жариялады.

"Cоңғы үш-төрт жылдан бері әйелдерге қатысты зорлық зомбылық жасағандарға қарсы заңдарды қатаңдату бойынша мемлекеттік деңгейде талқыланулар болып, нәтижесінде Заңға қол қойылып, бекітілді.

Ол заңға сәйкес, әйелдерге қол көтергені үшін 3- 8 жыл аралығында қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылатын секілді.

Ал осындай әйел кісіні , мемлекеттік органның ішінде, мемлекеттік қызметкер дүйім жұрттың көз алдында ұрып- соғып жібергені үшін сот 10 АЕК көлемінде айыппұл қарайды екен. Ал осы әйел кісі отбасында осындай шапалақ жесе, күйеуі 20 тәулікке қамалар еді. Осындай жағдайларға қарап, мемлекеттік қызметкерге әйелдерді ұруға артықшылықтар берілген бе деген ой келеді.

Бұл жағдай Түркістан облысы әкімдігіне қарасты комиссия отырысының үстінде орын алған. Мына видео түсірілім сол комиссияның өздерінің видео түсірілімі . Бір қызығы әйел кісіні ұрып жіберген облыс әкімшілігінің қызметкері, бүгінгі таңға дейін сол мемлекеттік лауазымда қызмет жасап жүргенге ұқсайды. Әкімдіктен пана, көмек сұрап келіп жатқан халық, келіп таяқ жеп кетіп жатса , "Мемлекеттік қызмет туралы" Заң бұған не дейді. ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұған не дейді, әлде мемлекеттік қызметкерлерге арналған заң тек аудандар мен ауыл әкімшіліктерінде қызмет жасайтын жәй мамандарға ғана қолданылады ма?", - деп жазды автор.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?