Доминикан Республикасындағы концерт кезінде шатыр опырылып түсті, деп хабарлайды Alash.kz.
BBC мәліметінше, ел астанасы Санто-Доминго қаласында белгілі әнші Руби Перестің концерті өтіп жатқан кезде концерт алаңының шатыры опырылып құлаған.
Соңғы деректерге сәйкес, кемінде 44 адам қаза тауып, 150-ден астам адам түрлі жарақат алған.
Елдегі ең танымал орындаушылардың бірі саналатын Перестің қызының айтуынша, төтенше жағдай қызметінің мамандары әкесін үйінді астынан құтқаруға тырысуда.
Болжам бойынша, қираған шатыр астында шамамен 100 адам қалып қойған, ал 140 адам үйінді астынан құтқарылып үлгерген.
Қаза тапқандардың арасында — музыканттардың бірі мен Доминикан Республикасының аймақтық басшысы бар.
Жергілікті журналистердің дерегі бойынша, шатыр құлаған сәтте концертке шамамен мың адам жиналған.