Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық спортшы велосипедпен Парижге шықты

05 мамыр 2024 199

Маңғыстаулық Раббим Борашев 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына велосипедпен жету үшін жолға шықты, - деп хабарлайды  Маңғыстау облысының "Қоғамдық коммуникация орталығы.

Раббим Борашев - Бейнеу ауданының тумасы, ол 64 жаста. Ол зейнет жасына дейін құрылыс саласында қызмет еткен. Соңғы жылдары велосипед тебуге қызығушылығы оянып, бірнеше велошеруде бақ сынады.

Велошабандоздың айтуынша, Парижге велосипедпен жету үшін біраз дайындық қажет. Жоспар бойынша ол 7 мемлекет аумағын кесіп өтіп, 5000 шақырымды еңсереді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?