Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жұмыссыз қалған жандар мемлекеттен жәрдемақыны қалай алады?

25 сәуір 2024 257

Жұмыссыз қалған азаматтар жәрдемақыны қалай алуға болады? Бұл туралы Stan.kz порталы жазды.

Ең әуелі азамат eGov.kz порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелуге тиіс. Не тұрғылықты жері бойынша карьералық орталыққа жүгінеді;

Кейін өзі көрсеткен нөмірге "жәрдемақы рәсімдеу туралы" смс-хабарлама келеді. Сәйкесінше, хатқа "иә" деп жауап беру қажет;

Қаржы тағайындалуы үшін жеке куәлік пен банктік шоттың 20 сандық нөмірі және жұмыссыз екеніңізді растайтын құжат керек. Егер барлық дерек мемлекеттік базада бар болса, құжат талап етілмейді. Демек, жәрдемақы автоматты түрде рәсімделеді.

Жәрдемақы мөлшері әр азаматқа әртүрлі сомада түседі. Біріншіден, жұмысынан айырылған адамның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі. Әрі кейінгі екі жылдағы табысы да назарға алынады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?