Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ертең Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүріп, нөсер жауады

05 мамыр 2024 282

Қазгидромет ауа райы бұзылады деп болжап отыр.

Шығыс Қазақстан облысында температуралық фонның жоғарылауына және 6 мамырда облыстың басым бөлігінде негізінен жаңбыр түріндегі көп мөлшерде жауын-шашын күтілуіне байланысты 2024 жылғы 5-8 мамыр аралығында ШҚО аумағында беткейлік және жергілікті ағындардың қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі, қауіпті деңгейден асуы, сондай-ақ кішігірім өзендер мен бұлақтардың, уақытша арналардың суының кобеюі мүмкін. Бұл ретте автожолдар мен темір жолдарды, тұрғын елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарын су басу қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысында 6 мамырда түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Петропавлда 6 мамырда түнде 1-3 градус үсік жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Астанада 6 мамырда түнде 1-3 градус үсік болады. Батыс Қазақстан облысында 6 мамыр күндіз жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігі, шығысы мен орталығында екпіні 15-20 м/с. Оралда 6 мамырда жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде 6 мамырда түнде 2 градус үсік, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Қызылорда облысының орталығында, шығысында 6 мамырда түнде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай соғады. Сол күні облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылордада 6 мамырда түнде тұман күтіледі.

Ақтөбе облыстың солтүстігінде 6 мамырда түнде 3 градус үсік сақталады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі болады. Ақтөбеде 6 мамырда түнде 1-3 градус үсік сақталады. Атырау облысының шығысында 6 мамырда түнде және таңертең найзағай соғады. Облыстың солтүстігі, батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?